Кеше 2026, 20:55 Фото: Report

Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінді астында төрт күн жатқан 11 жастағы бала аман қалды

Құтқарушылар баланы төрт тәуліктен кейін үйінді астынан тірі алып шықты.

Венесуэланың Карабальеда қаласында құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін үйінді астында төрт күн жатқан 11 жастағы баланы тірі алып шықты.

Вild басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Карабальеда – табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штатының әкімшілік орталығы.

Құтқару оқиғасы туралы елдің уақытша президенті Делси Родригес X әлеуметтік желісінде жариялады. Ол бөліскен видеода құтқарушылардың баланы үйінді астынан алып шыққаны көрсетілген.

Осыдан бірнеше минут бұрын Карабальеда қаласында 11 жастағы бала тірі құтқарылды. Осындай сәтте аман қалған әрбір адам – Венесуэла үшін үміт, – деп жазды Делси Родригес.

БҰҰ Венесуладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті