Бүгiн 2026, 17:10 Фото: Ақорда

Венесуэла АҚШ-қа қосыла ма? Трамптың кезекті мәлімдемесі дау тудырды

Трамптың жазбасы желіні шулатты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла туралы даулы мәлімдемесінен кейін кезекті халықаралық даудың ортасында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі BILD-қа сілтеме жасап.

Ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Венесуэланың Америка туы түсімен боялған картасын жариялап, астына «51-ші штат» деп жазба қалдырды.

Fox News мәліметінше, бұдан бір күн бұрын Трамп Венесуэланы АҚШ құрамына қосу мүмкіндігін «байыппен қарастырып жатқанын» айтқан.

Бұл мәлімдеме Каракаста бірден қатаң наразылық тудырды.

Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес мұндай идеяны үзілді-кесілді жоққа шығарды. Ол елдің толықтай тәуелсіз болып қалатынын және ешқашан басқа мемлекеттің құрамына кірмейтінін баса айтты.

Бұл мүмкін емес. Венесуэлалықтар үшін ең басты құндылық - тәуелсіздік, - деді Родригес.

Сонымен қатар, ол мұндай кесірлі мәлімдемелерге қарамастан, Венесуэла Вашингтонмен дипломатиялық қарым-қатынасты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Бұл Трамптың алғашқы ұсынысы емес. Бұған дейін ол Канаданы «51-ші штат» ретінде қосу мүмкіндігін айтып, Гренландияға қатысты да аумақтық мәселелерді көтерген болатын.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Венесуэладағы байытылған уранды түгел әкеткені хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

АҚШ Гренландияда жаңа әскери базалар ашу туралы Даниямен келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ Гренландияда жаңа әскери базалар ашуды жоспарлап отыр

Трамп Венесуэла президенттігіне кандидат болуға ниетті екенін мәлімдеді