Варшавада оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне қауіп төндірген 16 жастағы жасөспірім ұсталды
Жасөспірім үш ай мерзімге кәмелетке толмағандарды ұстау орталығына уақытша қамалды.
Варшавада сыныптастары мен мектеп әкімшілігі өкілдерін өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен 16 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Оқиға Урсынув ауданында болды.
Полицияның хабарлауынша, оқу орнының әкімшілігі оқушылардың бірі тарапынан шабуыл жасалуы мүмкін деген қауіп туралы ақпарат алғаннан кейін билік орындарына жүгінген. Жасөспірім тікелей мектеп аумағында ұсталды.
Тексеру кезінде одан телефон тәркіленді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, құрылғыдан фашистік идеологияны насихаттайтын материалдар табылды.
Сонымен қатар жасөспірімнің әлеуметтік желілерінде пышақ ұстап түскен және қаруға ұқсас заттармен түскен суреттері жарияланған.
Полиция сондай-ақ тергеу қылмыс жасауға қатысты қоқан-лоқылар мен телефон арқылы сөйлесулердің мазмұнына қатысты жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланың сексуалды сипаттағы әрекеттер жасады деген күдігі тексеріліп жатыр.
Отбасылық сот жасөспірімді үш ай мерзімге кәмелетке толмағандарды ұстау орталығына уақытша қамау туралы қаулы шығарды. Жауап алу кезінде ол өз сөздерінің сәтсіз әзіл екенін және ешкімге зиян тигізу ойында болмағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, 16 қарашада Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады.