Вакцинаның кері әсері болған жағдайда қандай медициналық көмек көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазіргі кезеңдегі короновирустық инфекцияның алдын алу» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында «Астана медицина университеті» КеАҚ Жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, қалалық жұқпалы аурулар орталығының бөлім меңгерушісі Зәуреш Смағұлова айтты.
Коронавирустық инфекцияның сыртқы көріністері өзгерген жоқ, осы уақытқа дейінгідей симптомдармен анықталуда. Ал басқа маусымдық респираторлық жұқпалар бойынша, әр жұқпаның өзіне тән көріністері бар. Сондықтан жұқпаларды анықтау барысында қиындық туғызбауы керек. Дегенмен вирустың этиологиясын анықтау үшін полимерлі тізбекті реакциясы нәтижесінде коронавирустық жұқпа немесе басқа респираторлы жұқпаларды зертханалық диагностика бойынша нақтылайды, - деді ол.
Маман вакцинаның кері әсері болған жағдайда науқасқа қандай медициналық көмек алгоритмі көрсетілетінін айтты.
Әрине қандай вакцина салынса да, кері реакция болуы мүмкін. Нақты алгоритм бар, вакцинациямен айналысатын дәрігерлер оны біледі. Вакцинациядан кейін болатын әсерлер негізгі екі топқа бөлінеді. Бірінші, жалпы реакциялар. Мысалы, температураның жоғарылауы, тұмаудың көріністердің болуы. Ал екінші топта, жергілікті реакциялар вакцина енгізілген жерде қызару, қышыну жағдайлары болады. Медициналық көмек вакцинаның әсеріне байланысты көрсетіледі. Кез келген жұқпалы аурудың ерекшелігі - белгілі бір мөлшерде иммунитеттің (антидененің) дамуы. Сондықтан кез келген инфекциядан кейін иммунитет кері әсерін беріп, антиденелер шығарады. Бұл үрдіс барлығында бірдей жүрмейді. Сондықтан әр жағдай жеке қарастырылады. Организмде антиденелер титрі жеткілікті болса және ол ұзақ уақыт сақталса, онда вакцинацияның қажеті жоқ. Егер жеткіліксіз болған жағдайда вакцинация міндетті, - деді ол.Бұған дейін отандық вакцина мен ресейлік вакцинаның айырмашылығы қандай екені хабарланды.
Ботакөз Жақиянова
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнетақы жинақтары: БЖЗҚ күдікті сілтемелерге өтпеуге шақырды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы