QazCovid-in вакцинасын тоңазытқышта да сақтауға болады

29 Қаңтар 2021, 17:29
1866
Бөлісу:
QazCovid-in вакцинасын тоңазытқышта да сақтауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі Әлім Әкімбаев бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Қазіргі маңызды кезең – вакцинацияның басталуы. Мақсат орындалды, вакцина жеткізілді, енді екпе салу тәртібін дұрыс ұйымдастыру қалды. Міндетті маска режимі мен әлеуметтік қашықтық әлі де сақтала бермек. Ресей бізге әлемдік аренада жоғары көзқарасқа ие «Спутник V» вакцинасын жіберді. Жақын күндері өзіміздің отандық QazCovid-in вакцинасы қолданысқа енгізілмек. Мен патриот ретінде емес, вакцинация жұмыстарымен айналысқан маман ретінде қазақстандық вакцинаға көңіл бұрғым келеді. Себебі бұл вакцина инактивтендірілген, ол сондай-ақ бір температуралық режимді, сақтау режимін және жеткізуді қажет етпейді. Мұнда керегі – 2-8°C, яғни күнделікті тұрмыстағы тоңазытқыш та бұл вакцинаны сақтауға жарай береді, - деді ол.

Оның айтуынша, елімізде мұндай тоңазытқыш желісі жолға қойылған. Орталықтың елдің түкпір-түкпіріндегі шалғай ауылдарға еркін жеткізуге ыңғайлы. 

Отандық вакцинаның -20°C температураны талап ететін ресейлік вакцинадан бір айырмашылығы осы. Мұны кез келген уақытта сақтау мүмкін бола бермейді. Ал температура режимінің бұзылуы вакцина сапасына тікелей әсер етеді. Ал -70°C  температураны талап ететін Pfizer вакцинасын әлем елдеріне тасымалдау үшін арнайы құрылғылары бар лайнер қажет болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы