Вакцинация. Тағы да жалған құжат жасаушылар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында медицина қызметкері жалған вакцинация құжатын жасағаны үшін күдікке ілінді. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство өкілдері бұл дерек бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.2021 жылдың маусымында полиция бөлімшелерінің біріне медициналық мекеме басшысына қатысты осы мекеменің медицина қызметкері" Вакцинация" ақпараттық жүйесіне вакцинациядан өткені туралы жалған мәліметтер енгізгені туралы хабарлама келіп түсті, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер ұсталған болатын. Ұстау операциясы Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілген.Іс бойынша қажетті тергеу және іс жүргізу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - деді полиция өкілдері.
Бұған дейін ІІМ өкілдері алғашқы жарты жыл ішінде ішкі істер органдарының өндірісінде вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша төрт қылмыстық іс болғанын мәлімдеген. Алматыда екі жағдай, Алматы және Ақмола облыстарында бір-бірден анықталған. Олар бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр.
Сонымен қатар қажыларға жалған вакцина паспортын жасаған туристік компания анықталған еді.