Ұзынағаштағы атыс. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Күннің екінші жартысында Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болып, бір адам қаза тауып, екеуі зардап шеккен болатын. 

Дәрігерлер жараланғандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 4 тамыз күні Ұзынағаштағы Жамбыл орталық аудандық ауруханасына жарақат алған екі адам келіп түскен. 

Олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне (ОАРИТ) жатқызылды. Науқастардың жалпы жағдайы алған жарақатына байланысты ауыр. Науқастар барлық қажетті тексерулерден өтіп, шұғыл көмек көрсетілді, - деп хабарлады Алматы облысы ДСБ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Ұзынағаш ауылының ауруханасына оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жатқызылған болатын, олардың біреуі реанимацияда көз жұмды

«Ұстау»  жоспары жарияланып, облыстық полиция қызметкерлері қақтығыстың барлық қатысушысын анықтап, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы