Үйінен шығып, қайта оралмаған: Алматыда 16 жастағы жасөспірім іздестірілуде

Еріктілер 16 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр. Ол 27 тамыз, сәрсенбі күні кешке Алматының Алмалы ауданындағы үйінен шығып кеткен, содан қайтып оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасөспірімнің жоғалғаны туралы ақпаратты  Lider.kz еріктілер қозғалысының өкілдері жариялады.

Белгілері: бойы – 180 сантиметр, арықша денелі, қара түсті қысқа шашты, қоңыр көзді. Жасөспірім қара футболка, көк спорттық шалбар және қара кроссовка киген, - деп жазылған іздестіру хабарламасында.

Қозғалыс өкілдері жоғалған бала туралы қандай да бір мәліметі бар қазақстандықтарды 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоқыс шығаруға шыққан 16 жастағы жасөспірім жоғалып кеткені хабарланған. Содан кейін жасөспірім табылып, оның алаяқтыққа қатысы бар екені туралы тың мәлімет шықты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы