11 Қыркүйек 2026, 12:11 Фото: olympic.kz

Үстел теннисі: Жания Бекмұхамбетова Бангкокте өткен турнирдің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Жания Бекмұхамбетова Бангкокте өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бекмұхамбетова U-13 жас санатында өнер көрсетті.

Жарыс барысында қазақстандық спортшы төрт рет жеңіске жетті. Ол Таиланд өкілдері Амина Прасонполды – 3:1, Беняфа Сураситті – 3:0 және Наттхапат Лимсирилертті – 3:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ Бекмұхамбетова жапондық Нонока Сузукиді де 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытай Тайпейінен келген Йен Пэй Эньмен кездесті. Матч 0:3 есебімен аяқталып, Бекмұхамбетова қола медаль иегері атанды.

Еске сала кетсек, Қазақстандық Жания Бекмұхамбетова Словениядағы үстел теннисі турнирінде жеңімпаз атанған болатын. 

Сондай-ақ, Мысырдағы турнирде де жеңіске жетті

Тағы оқи отырыңыз: 

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

15 жастағы қазақстандық теннисші Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды