Ұшқышсыз ұшу аппараты: Дронмен ойналатын футболдың ерекшелігі қандай
Digital Almaty халықаралық цифрлық форумының аясында дрондармен футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Дронмен футбол сайысы жыл сайын әлем елдерінің қатысуымен өтеді. Орталық Азия елдерінен Қазақстан ғана жарысқа қатысады. Бұл сайыстың ең басты мақсаты - тек ойын ғана емес, дронды басқару, ұсынылып жатқан бөлшектер болса оны жөндеп қайтадан шығару. Программалық бағдарлама арқылы реттеу, студентті жан-жақты стенд бағытында дамыту. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты бағытында оны дамытамыз. Дрон доптарды келісімге отырып Оңтүстік Кореядан алып келдік,- деді Зарина Алмабекқызы PhD кандидат.
Дронмен футболдың ережесі қарапайым, дегенмен ақылды қажет ететін ойынның өзіндік ерекшелігі мен қиындығы барын да ескерген жөн.
Жалпы ережесіне келсек, коммандада 5 ойыншы болады. Екі қапталда екі комманда, 10 адам болады. Ережесі футболға ұқсайды. Ойыншылардың орнын дрон басады. Ұшып жүріп қарсылас қақпаға кіру қажет. Дегенмен әр дронның өзіндік орны бар. Мәселен, біреуі қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы, шабуылдаушы сынды қызыметтері бар. Әр дронның ойында атқаратын рөлі бар. Былтыр сайыс Астана қаласында өтті. Ал биыл республикалық деңгейінде Алматыда өтіп жатыр. Әлемдік чемпионат мамыр және қыркүйек айларында өтеді. Дайындығымыз өте жақсы,- деді Зарина Алмабекқызы AIU университетінің аға оқытушысы.
Ол сондай-ақ болашақьа дрон доптарды жасап шығаруды еліміздің жастары да ойлап табатын атап өтті.
Біздің мақсатымыз тек ойнап, ұшыру ғана емес. Келешекте дрон допты жасап шығару. Адамдардың барлығы ойнап, жалыққанан кейін өзімізде жасай бастаймыз. Дрон ойын барысында сынады, бұзылады. Біз жөндеп оның құрлысына, жасалу жолын үйреніп отандық дрон доптарды да жасап шығармақпыз. Мен AIU-де оқытушы болып жұмыс жасаймын. Бүгінгі жарысқа студенттерді де алып келдік. Оларды ойнатып, көрсетіп, сабақ барысында пайдаланып студенттердің қызғушылығын арттырып, осындай өнімдерді жасауды ынталандыру қажет,- деді PhD кандидат.