Үш айдың ішінде шаруалар 230 мың тоннадан астам дизотын пайдаланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және қалыпты жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында нақты 231 мың тонна немесе 92% жеткізілді, - деп атап өтті вице-министр. 

Оның айтуынша, қазақстандық шаруалар биыл ақпан мен сәуір айының аралығында жоспарланған көлемнен 92% дизель отынын пайдаланған. 

Ауыл шаруашылығын өндірушілер үшін мұнай өңдейтін зауыттардан дизельдік отын басым негізде жөнелтіледі. Осы орайда жөнелтімдерді бақылау мен мониторингілеу тәулік сайынғы негізде жүзеге асырылады, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін көктемгі егіс жұмыстары үшін дизельдік отын бағасы жыл сайын 3%-ға өсетіні туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы