11 Қараша 2026, 20:51 Фото: Ақорда

ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. Жиын қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылды.

Айта кетейік, бұған дейін Үлкен Кремль сарайында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталғаны хабарланды. 

Сондай-ақ, Саммитке Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.