Электромобильдерге қолдау көрсету бойынша Қазақстан әлемде үздік атанды
Үндістанмен қатар: Қазақстан электромобильдерді қолдау бойынша әлемдік рейтингте көш бастады
Қазақстан электрокөлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 30 елдің ішінде Үндістанмен бірге бірінші орынды тұр. Ал электромобильдердің таралуы бойынша жалпы рейтингте еліміз Орталық Азияда үздік шықты.
Рейтингті Kept консалтингтік компаниясы дайындаған. Оған электромобильдердің әлемдік нарығының 95%-дан астамын қамтитын 30 мемлекет кірді.
Елдер төрт санаттағы 20 критерий бойынша бағаланды: электрокөлік паркі, инфрақұрылым, мемлекеттік қолдау шаралары және өндірісті дамыту. Деректер 2026 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша өзекті.
«Мемлекеттік қолдау шаралары» санатында Қазақстан мен Үндістан 18 балдан жинап, Оңтүстік Корея, Беларусь, Сауд Арабиясы, Қытай, Германия мен АҚШ-ты артта қалдырды. Еліміз электромобильдерге салынатын көлік салығы мен импорттық кедендік баж салығы бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ өндірушілерді қолдау шаралары үшін ең жоғары балл алды.
Жалпы есепте Қазақстан 40 балл жинап, 18-орынға тұрақтады. Орталық Азия елдерінің ішінен рейтингке Өзбекстан да еніп, 37 балмен 19-орынға ие болды.
Тізімде 78 балмен Қытай көш бастап тұр. Онда 30 миллионға жуық электромобиль қатынап, 4,7 миллион қуаттау станциясы жұмыс істейді. Үздік бестікке Оңтүстік Корея, Германия, Үндістан және АҚШ енді.
Зерттеу авторлары Қазақстанда отандық өндірістің дамып келе жатқанын атап өтеді. 2025 жылдың соңында Astana Motors компаниясымен бірлесіп BYD электробустарын шығару басталды. Олар біртіндеп Алматы мен Астанадағы ескі дизельді автобустардың орнын басуы тиіс. Сондай-ақ Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты электробустарды құрастырып жатыр, олар Ақтау, Астана және басқа да өңірлерге жеткізілді.
Елде электромобильдерді сериялық өндіру 2027 жылға жоспарланған. Қазақстанда Li Auto және BYD көліктерін шығару локализацияланады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда электромобильдерді қуаттайтын 43 станция іске қосылғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Өзбекстанда электромобиль импорты күрт өсті
Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі
Қазақстандық электромобиль иелерін қандай өзгерістер күтіп тұр?