Ұлытауда Mercedes көлігінен құны 3 миллион теңге болатын 15 кг марихуана табылды
Ұлытауда Mercedes көлігінен 15 келі марихуана табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлытауда Mercedes көлігінен 15 келі марихуана табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жезқазған – Қызылорда тас жолында Mercedes-190 көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде оның ішінен ірі көлемдегі есірткі табылды.
Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде газ жабдығының астынан скотчпен оралған екі целлофан қап табылды. Ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат шықты. Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 15 келі болатын марихуана екенін растады. Тергеу мәліметінше, есірткі басқа өңірлерден әкелініп, кейін сату үшін жоспарланған. "Қара нарықтағы" мұндай партияның бағасы шамамен 3 миллион теңгеге бағаланады. Есірткіні сақтау және тасымалдау күдігімен 43 және 27 жастағы екі адам ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында арнайы операция кезінде 17 адам ұсталған болатын.
- NASA Марстың жаңа суреттерін көрсетті 05:40
- Ресей ДДСҰ-ға Иркутскіде оба ауруының тіркелмегенін хабарлады 04:17
- Франция жаңа ядролық зымыранды сынақтан өткізді 03:47
- АҚШ Энергетика министрлігі Brent мұнайының 2027 жылғы бағасына болжамын көтерді 02:35
- 7 қазанға валюта бағамы 01:22
- Шымкентте 150 адамға арналған оңалту орталығы ашылды 00:54
- OpenAI компаниясы ChatGPT жазған мәтінді анықтайтын белгі енгізбек 06.10.2026