Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды

5 қаңтарда Ұлытау облысының Ұлытау ауданында үш адамды іздестіру-құтқару жұмыстары ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары арқылы сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғалған адамдар Бұрмаш қыстауынан табылды. 

Зардап шеккен жоқ, медициналық көмекті қажет етпеді. Табылған адамдардың айтуынша, олар шыққан көлік 12 км қашықтықтағы Бұрмаш қыстауының жанында қар кептелісінде қалып қойған.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында 2023 жылғы 2 қаңтар күні Қарсақпай кентінен үш адам көлікпен Бұрмаш қыстауына шығып, байланысқа шықпағаны туралы өтініш келіп түскен болатын. Адамдарды іздеу жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды.

Жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы