27 Шілде 2026, 12:50 Фото: видеодан скриншот

Ұлытау облысында сән-салтанат құрғандарға 22 әкімшілік хаттама толтырылды

Жол ережесін өрескел бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды.

Ұлытау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жәйрем кентіндегі мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойына байланысты ұйымдастырылған автокөліктер колоннасының жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғанын анықтады.

Той кортеждері айыптұраққа қойылды

Жүргізілген тексеру барысында автоколоннаны ұйымдастырған азамат анықталып, оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ұсақ бұзақылыққа қатысты бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған 8 автокөлік жүргізушісі анықталып, барлық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлығы 22 әкімшілік хаттама рәсімделді. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасау, жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпау, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, көлік құралын пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтамау, жол қозғалысының өзге қатысушыларына авариялық жағдай туғызу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қағидаларын бұзу және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. 

Ереже бұзғандар жауапқа тартылады

Полиция азаматтарды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Үйлену тойы, мерекелік кортеж немесе өзге де салтанатты іс-шаралар жол қозғалысы қағидаларын бұзуға және өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге негіз бола алмайды. Полиция жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіп, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзудың әрбір дерегі бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдайтын болады. Заң талаптарын елемейтін әрбір құқық бұзушы белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады, - дейді құқық қорғаушылар.

Еске салайық, бұған дейін Астанада қуаныштарын отшашумен «атап өткендер» жазаланды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Ер адам балконнан секірмек болған әйелін полицейлер келгенше ұстап тұрды

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған азамат жауапқа тартылды

Атырауда дүкен кассасынан 2,5 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды