Ұлытау облысында есірткі саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды

Ұлытау облысында есірткі саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлытау облысының ПД және Жезқазған ПБ-ның қызметкерлері есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 46 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін Жезқазған қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктіден 30 бума синтетикалық есірткі заттары табылып, тәркіленді. Оның есірткі затын сату үшін бірге тұратын 31 жастағы әйелден алғаны анықталды, ол да өз кінәсін мойындады. Сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Белгілі болғандай, бұл облыс орталығының аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуі бірінші рет орын алып отырған жоқ. Қарағанды-Жезқазған тас жолында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сатуға арналған есірткінің тағы партиясы тәркіленді. Барлығы 330 грамнан астам тыйым салынған заттар тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелті не өткізу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы