Ұлытау облысына аз қаржы бөлінеді - Әбдіғалиұлы

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірге республикалық бюджеттен аз қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстың бюджеті елдің басқа аймақтарының бюджеттерімен салыстырғанда ең төмен болып келеді. Ұлытау облысының бюджеті небәрі - 128,8 млрд теңге. Мәселен, бұл Қарағанды облысының бюджетінен 4 есе, Маңғыстау облысынан 3 есе аз, - деді әкім өңірде өтіп жатқан брифингте.

Әбдіғалиұлының сөзінше, осыған байланысты өңірдегі қордаланған проблемаларды шешу үшін былтыр облысты дамытуға арналған 2026 жылға дейін кешенді жоспары қабылданды.

Жоспар аясында 1,4 трлн теңге көлемінде әр көзден инвестициялар салынатын болады. Бүгінгі таңда Кешенді жоспар бойынша 85,7 млрд теңгеден астам қаржы салынып, (РБ- 4,4 млрд теңге, ЖБ-1,8 млрд теңге, ЖИ- 79,5 млрд теңге) құны 5,3 млрд теңге болатын 6 жоба іске қосылып, 430 жаңа жұмыс орны құрылды, - деді Ұлытау облысының әкімі.

Бұған дейін Ұлытау облысында мұнай зауыты салынатыны айтылды. Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі азық-түлік бағаларының бағасы өсіп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы