ҰҚК-нің жаңа басшысы тағайындалғанына төрт күн өткен соң Тоқаевқа есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.
Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК басшылығы ауысып, Ермек Сағымбаев қызметінен босатылды. Оның орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Сондай-ақ, ҰҚК-ны өзгерістер күтіп тұрғаны, Президент жаңа басшыға қандай талаптар қойғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Қателіктерге жол берілді»: Ақорда ҰҚК басшысының неліктен ауысқанын хабарлады