14 Шілде 2026, 13:18 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Ұлттық банк инфляцияның қай бағытта күшейгенін айтты

Азық-түлік инфляциясы баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өсуін жалғастырып жатыр.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында елдегі инфляция деңгейіне қатысты ахуал туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның сөзінше, Қазақстанда азық-түлік инфляциясының қарқыны баяулаған.

Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 10,4%-ға дейін, ал қызмет көрсету саласындағы инфляция 9%-ға дейін баяулады. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша инфляция үдей түсіп, 11,7%-ды құрады, – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, жылдық инфляцияға ең көп әсер етіп отырған фактор бұрынғысынша азық-түлік тауарлары болып отыр. Олардың үлесіне 4,35 пайыздық тармақ тиесілі.

Өңірлер бойынша алғанда, жылдық инфляцияның ең жоғары деңгейі Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы мен Қарағанды облысында байқалды, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк инфляция деңгейі туралы айтты