Ұлттық жоба шеңберінде 800 мың жас тұрғын үй жинақтары жүйесін пайдалана алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.
Оның айтуынша, бұл бағыт жастардың негізгі проблемаларын қамтиды.
Атап айтар болсақ, қолжетімді білім, жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесуі тиіс екенін түсіндірді. Осы бағыт шеңберінде кемінде 800 мың жас тұрғын үй жинақтары жүйесін пайдалана алады. Сондай-ақ 1 млн-ға жуық жастар қазақстандық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі. Барлық бағдарлама бойынша жас отбасылар үшін қарыз үлесі 25%-ға дейін артады, - деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму министрі.Сонымен қатар 1,5 млн-ға жуық жастар спорттық және экологиялық жобаларға тартылатын болады.
NEET категориясы деп аталатын жастарды қолдау шараларына ерекше назар аударғым келеді, онда біз жұмыспен қамтылмаған жастардың санын 5%-ға дейін төмендетудің нақты міндетін қоямыз, - деді Аида Балаева.Еске сала кетейік, бұған дейін пандемия кезінде отандық электрондық кітапхананы әлемнің 100-ден астам елі пайдаланғаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы