Ұлттық экономика министрі мұнай бағасы қалай өзгеретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында жаңа болжамдарын ұсынды.
"Қарастыруға елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы енгізіледі. Болжамды қалыптастырудың негізгі факторлары: біріншіден, ішкі өнім бойынша 2018 жылғы есептік статистикалық деректер. Ағымдағы жылғы 7 айдағы экономика дамуының қорытындылары. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,2% құрады. Инфляция нысаналы дәлізде (5,4%), инвестициялар 11% деңгейінде өсуде", - деді Руслан Дәленов.
Министрдің айтуынша, екіншіден, әлемдік экономиканың өсуі бойынша өзектендірілген болжамдар.
"Үшіншіден, әлемдік тауар нарықтарындағы үрдістер. Әлемдік қаржы ұйымдарының мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы мұнай бағасының консенсус-болжамы 65 долларды құрайды. Ал 2020 жылы бір баррель үшін 63 долларына дейін төмендейді. Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасы дамуының ықтимал үш сценарийі қаралды", - деді Дәленов.
Осылайша, министр бірнеше сценарийді таныстырды.
Бұған дейін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі мұнай бағасы қалай өзгеретінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көші-қон заңнамасын бұзған 82 азамат әкiмшiлiк жазаға тартылды
Өзгелердің жаңалығы