Сенат төрағасының орынбасары Украина президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 мамырда Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Салтанатты жиыннан кейінгі кездесуде Бектас Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен барша Қазақстан халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі. 

Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастарға қарқын беру жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланды. 

Айта кетейік, кеше Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі өтті. Ол қызметіне кірісіп, халыққа үндеу жолдады. Президент қызметіне жаңа кіріскен Зеленский парламентті таратты.


                                        


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы