Үкімет құрамы мен құрылымының жаңаруы - жастарға берілген мүмкіндік

Былтыр 12 желтоқсан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министр кабинетінің құрамына сенімсіздік білдірді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері Қуаныш Сайлау айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жыл еліміздің отыз жылдан астам тарихында ең қиын жылдардың бірі болды және министрлердің атқарған жұмысы сынға түсті. Биыл еліміз және барша әлем үшін тәуекелдерді ескере отырып, мемлекет Үкімет құрамын нығайту бойынша жұмыс өткізіп жатыр. Осылайша, бүгін бес жаңа министр тағайындалды: Экология және табиғи ресурстар (Зүлфия Сүлейменова), Оқу-ағарту (Ғани Бейсембаев), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (Марат Қарабаев), Мәдениет және спорт (Асхат Оралов), Әділет (Азамат Есқараев) министрлері. Бұл тағайындаулар – соңғы жылдарда орын алған кадрлық саясаттың көрінісі екенін атап өтуге болады, яғни вице-министрлер басқарушы лауазымдарға иеленіп жатыр, - деді ол.

Осы кадрлық саясат арқасында басқарушыларды тағайындауда сабақтастық сақталады және министрліктің атқаратын жұмыс бабымен таныс адамдар жауапты лауазымға тағайындалады.

Сонымен қатар, Зүлфия Сүлейменованың министр лауазымын иеленуі президенттің жастар кадрлар резервінің тиімділігін көрсетеді, себебі экология және табиғи ресурстарының жаңа министрі – резервтің өкілі. Тағайындалған екі министрдің жасы 35 жастан төмен, олар жаңартылған Үкімет құрамының ең жас мүшелері. Жаңа министрлерді тағайындаумен қатар премьер-министр канцеляриясының Үкімет аппараты ретінде қайта құрылуы орын алды. Бұл орган ведомствоаралық үйлестіруге және саларалық мәселелерді шешуге бағытталып, министрліктердің арасындағы әрекеттесуді күшейтеді. Сонымен қатар, болашақтағы әкімшілік реформаға сәйкес министрліктердің құзыреттілігі кеңейтіледі. Осы іс-шаралардың барлығы әр министрліктің тиімділігін, есеп беруін және жауапкершілігін арттыруға бағытталған, - деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері Қуаныш Сайлау.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы