Үкімет басшысы қазақстандықтардың неге наразы екендігін айтты

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Емдеудің ең озық  медициналық технологиялары бола тұра, онкологиялық аурулар бүкіл әлемдік денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды сынақ болып отыр. Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 37 мыңнан астам жағдайы анықталады. 20 жыл ішінде өлім-жітім деңгейі 33 пайызға төмендегеніне қарамастан, қатерлі ісік жыл сайын 13 мыңнан астам  қазақстандықтың өмірін қияды. Бұл – өте үлкен және ауыр көрсеткіштер. Онкологиялық науқастардың жартысынан көбі – еңбекке қабілетті жастар. Мұндай цифрлардың басты себебі – аурудың кеш анықталуы, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Үкімет басшысы медицинаның дамығанына қарамастан жағдайдың өзгеріссіз екендігіне өкінішін білдірді. 

Өкінішке қарай, медицинамыз көптеген бағыттар бойынша дамып кетсе де, бұл жағдай жалпы өзгермей тұр. Жоғары технологиялық жабдықтар, дәрі-дәрмектер, заманауи ауруханалар саны қанша жерден көбейгенімен, бізге ауруды ерте бастан анықтай алатын жоғары білікті мамандар қажет. Халықпен де үнемі профилактикалық жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар адамдардың өздері де өз денсаулықтарын күтуі тиіс. Өңірлерде медициналық көмектің сапасын жақсарып, қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды тұрақты негізде қабылдау қажет. Біз қала мен ауыл тұрғындары, өңірлер мен Астана арасындағы медициналық қызмет көрсету сапасының алшақтығын төмендетуге тиіспіз. Қазақстандықтар дәл осындай жағдайларға наразы, - деді Әлихан Смайылов. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі сәбиді хиджама әдісімен емдеуге қатысты ойын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы