Үкімет Alatau City-дегі аэротакси тарифіне қатысты мәлімдеме жасады
Alatau City Authority басшысы болашақта аэротакси бағасы қазіргі такси тарифтерімен шамалас болуы мүмкін екенін айтты.
Alatau City Authority қорының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, болашақта аэротаксимен жүру құны тұрғындар үшін қолжетімді болуы ықтимал. Бұл туралы ол Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер аэротакси қарапайым халыққа тым қымбат болып кетпей ме деген сұрақ қойған. Әлішер Әбдіқадыров қазіргі таңда әлемдегі осындай жобалардың тәжірибесі зерттеліп жатқанын жеткізді.
Қазір әлемдік тәжірибеде мұндай аэротаксилар 5 адамнан 9 адамға дейін тасымалдай алады. Бір жолаушы үшін орташа құны шамамен бір шақырымға 1 доллар көлемінде. Жалпы, бұл қазіргі кәдімгі такси бағасымен шамалас деуге болады, – деді ол.
Оның сөзінше, аэротаксидің негізгі артықшылығы – кептелісті айналып өтіп, қажетті жерге жылдам жету мүмкіндігі.
Ең бастысы – жол кептелісіне тәуелді болмайсың. Адамдар діттеген жеріне уақыт жоғалтпай жетеді. Тұрғындарға бұл ыңғайлы болады деп ойлаймын, – деді Әлішер Әбдіқадыров.
Сондай-ақ ол мұндай қызметке тек қала тұрғындары емес, туристер тарапынан да сұраныс болуы мүмкін екенін айтты. Болашақ бағыттардың қатарында әуежай, туристік аймақтар және жаңа қаланың негізгі нысандары қарастырылып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Alatau City-де аэротакси қашан іске қосылатыны айтылды.
Сондай-ақ, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Алатау қаласында жұмыс істейтін компанияларға қандай жеңілдіктер берілетінін айтқан болатын.
Тағы оқи отырыңыз: Alatau City-дегі жеңілдіктерді кез келген компания ала алмайды
- Тегін отаны ақылы қылған: Атырауда хирург пациенттердің де, МӘМС-тің де ақшасын жымқырған 17:34
- Нақты табыс алғаш рет өсті: Айбар Олжай мұның мәнін түсіндірді 17:20
- Алматыда автобус жол жөндеу орнындағы шұңқырға түсіп кеткен 17:08
- Жамбыл облысында көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды 17:01
- Қазақстан қыстың қамына кірісті: Қанша мал азығы дайындалды? 16:47
- «Бави» тайфуны мен нөсер жаңбыр: Қытайда қауіптің қызғылт сары деңгейі сақталуда 16:25
- Астаналық бойжеткен ат клубында ауыр жарақат алғанын айтып, жұртты сақ болуға шақырды 16:03