ҰБТ-дан кейін талапкерлер неге шағымданғаны белгілі болды
95 мыңнан астам апелляцияның тек 152-сі қанағаттандырылды.
Биылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін мыңдаған талапкер тест нәтижесіне қатысты апелляцияға жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның мәліметінше, осы кезеңде тест тапсырмаларының мазмұнына және техникалық себептерге байланысты 95 мыңнан астам апелляциялық өтініш түскен.
Барлығы 152 өтініш қанағаттандырылды. Оның жетеуі техникалық себептерге, 145-і тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты, – деді Наужан Дидарбекова.
Ол орталықта тест тапсырмаларын әзірлеуге ерекше мән берілетінін атап өтті.
Тапсырмалар жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, сондай-ақ министрлік әзірлеген оқулықтар аясында құрастырылады, – деді орталық басшысының орынбасары.