"Уақытша - тренд". Министр қолма-қол ақшаға көшкендер туралы айтты
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшкендерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Меніңше, бұл уақытша - тренд. Жай ғана кәсіпкерлер тарапынан жағдайды дұрыс түсінбегеннен болып отырған дүрлігу. Біз ашық жұмыс істегіміз келеді, мұнда кәсіпкерлердің өз елі үшін жасау керек деген ой-санасы маңызды, - дейді министр.
Қуантыров заңсыз жұмыс істеуге болмайтынын алға тартты.
Қазақстан - әлемдегі қаржылық технологиялар мен мобильді аударымдар тұрғысында ең цифрланған ел. Бізге АҚШ-тан, Еуропадан келген шетелдіктер цифрландыру деңгейін көріп, таңғалады. Сондықтан біз сол үрдісте қаламыз деп ойлаймын. Қазір бәрі бой үйретіп жатыр, - деп Әлібек Қуантыров үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрі су мен жарықтың бағасы тағы қымбаттайтынын айтқан еді. Сондай-ақ Әлібек Қуантыров теңгенің құнына қатысты сұраққа жауап берді.