Бүгiн 2026, 15:06 Фото: rail-news.kz

Уәде қайда?: Stadler вагондарының іске қосылуы неге кешігіп жатыр

Техникалық ескертулер жойылған соң вагондар жақын арада қолданысқа шығарылады.

Қазақстанда Stadler вагондарының іске қосылуы неге кешігіп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Көлік вице-министрі Дамир Қожахметов Үкіметте өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Айтуынша, Stadler вагондары Қазақстанға жеткізілгенін, техникалық ескертулер жойылғаннан кейін оларды алдағы бір айда бағыттарға шығару жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Stadler вагондары пилоттық режимде сынақтан өтті. Пайдаланушы тарапынан бірқатар техникалық мәселелер мен ескертулер анықталды. Stadler компаниясы оларды жоюға міндеттеме алды. Жақын бір айдың ішінде оларды толық қабылдап, бағыттарға шығаруды жоспарлап отырмыз, – деп жауап берді Дамир Қожахметов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алғашқы Stadler вагондары сәуірде іске қосылатыны айтылған болатын.