ТЖМ: Тыйым салынған жерлер арнайы қосымшада белгіленеді

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, полковник Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Халықты ақпараттандыру мақсатында қазіргі уақытта мобильді қосымшалардың басқа да платформалары пайдаланылады. Мәселен, 2ГИС – төтенше жағдайлар кезінде халықты жинау-эвакуациялау және қабылдау-эвакуациялау бекеттері, суға шомылуға тыйым салынған және рұқсат берілген орындар туралы мәліметтер орналастырылған, – деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сыздықовтың мәлімдеуінше, 2022 жылы апаттық жағдайлар тақырыбына 16 мыңға жуық семинар мен жаттығулар өткізілген.

ТЖМ-мен ақпараттық технологияларын қолданумен қатар халыққа және басқару органдарының мамандарына қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету бойынша дәстүрлі форматтада жұмыс жүргізілуде. Айтар болсақ, мамандандырылған сыныптарда теориялық негіздерді зерделеу жүргізілсе, іс-жүзіндегі практикалық дағдылар тақырыбы мен ауқымы бойынша әртүрлі машықтанулар мен оқу-жаттығулар  барысында пысықталады, – деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы полковник Сыздықов.

2022 жылы елімізде әртүрлі санаттағы 14 мыңнан астам тыңдаушы оқытылды және 83 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді. 4 млн-нан астам көрнекі оқу материалдары шығарылды, 3 мыңға жуық бейнероликтер әзірленді, қауіпсіздік тақырыбына 2 мыңнан астам билбордтар жасалды. Олар ТЖМ-і мен аумақтық бөлімшелерінің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Сондай-ақ Комитет төрағасының дерегінше, 22 мыңнан астам білім беру ұйымдарында 1,6 млн оқушыны қамти отырып, 9 мыңға жуық интерактивті сабақ өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы