ТЖМ азаматтарды үй аумағын қардан уақытылы тазартуға шақырды

ТЖМ азаматтарды үй аумағын қардан уақытылы тазартуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Оразалин еліміздің азаматтарын төмендегідей мәселелерге назар аударуды шақырды:

- Төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің ұсыныстарын орындау; 

- үй аумағын қардан уақытылы тазарту; 

- инертті материалдарды және қаптарды дайындау;

 - жергілікті атқарушы органдарынан эвакуациялау пунктерді және оларға баратын жолдарды білу;

- үйлердің жанында орналасқан арықтарды және су өткізу құбырларын тазарту;

- су қоймаларында балаларды қараусыз қалдыруға болмайды, әсіресе мұздың өтуі кезінде. 

Бұған дейін ТЖМ өкілі су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды атап , дәл қазіргі күні қанша үй су астында тұрғаны жөнінде айтты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы