ТҰСАУКЕСЕР. Әдемі подкаст: Өнер адамдарының бәрі бай емес
Ана мен қыз баласының арасындағы байланыс – тым нәзік әрі күшті құбылыс. «Әдемі» подкасттың бұл шығарылымында нағыз қазақи тәрбие, отбасының бала тәрбиесіндегі орасан зор рөлі жайлы айтылған әңгімені тыңдай аласыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ана мен қыздың арасында үлкен махаббат, кешірім, сырласу сезімі бар. Әдемі подкасттың бүгінгі қонақтары ҚР еңбек сіңірген әртіс Айткүл Құдайбергенова мен қызы, әнші, актриса - Салтанат Құдайбергенова. Шығарылымда ана мен қыздың арасында байланыс қалай болу керек? Хайп қуған адамдарды жазалау керек пе? Неге мейірім жоқ? Қызы бала екінші орында ма? Өнер адамдары неге бай болып көрінгісі келеді?
Айта кетейік, подкасттың алғашқы шығарылымда әйелдердің қоғамдағы орны мен рөлі талқыланады.
Әдемі - нәзік жанды аруларымыздың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді талқылайтын подкаст.
Біздің басты мақсат- әртүрлі тақырыптарға ашық сөйлесіп, көкейкесті сұрақтарға жауап табу.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы