Түркістанда жөндеуден өткен футбол алаңы жарамсыз күйге түскен
Пайдалануға берілгеніне көп уақыт өтпей жатып, футбол алаңының жасанды жабыны бүлінген.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Жұлдыз елді мекеніндегі кіші футбол алаңының қазіргі жай-күйі ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын туғызды. Пайдалануға берілгеніне көп уақыт өтпей жатып, жасанды жабынының бүлінуі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тұрғындардың айтуынша, алаңдағы жасанды көгал жыртылып, кей тұстары жарамсыз күйге түскен. Соның салдарынан ауыл жастары спортпен тұрақты айналысу мүмкіндігінен айырылып отыр.
Жергілікті жұрт сапа мәселесін көтеріп, жауапты органдардан түсініктеме талап етуде. Осы жағдайға байланысты Бәйдібек ауданы әкімдігіне хабарластық.
Әкімдік ұсынған мәліметке сәйкес, Ағыбет ауылдық округіне қарасты Жұлдыз елді мекеніндегі кіші футбол алаңының жасанды жабынын төсеу жұмыстары 2023 жылы жүзеге асырылған. Аталған жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, мемлекеттік сатып алу аясында баға сұрату тәсілімен конкурс жарияланған.
Жобаның бастапқы құны 7 миллион теңге болып белгіленген. Нәтижесінде 3 597 111 теңге ұсыныс жасаған жеке кәсіпкер жеңімпаз деп танылып, тиісті жұмыстарды орындаған, - дейді әкімдіктің баспасөз орталығы.
Ал 2024 жылы алаңның айналасын қоршау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 6 989 000 теңге бөлінген.
Бұл жобаны «MKStroi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған. Ресми ақпаратта мердігер мекеме келісімшартта көзделген міндеттерді толық орындағаны көрсетілген, - деп көрсетеді әкімдік.
Сонымен бірге аудан әкімдігі жасанды жабынның бүлінген бөліктері мердігер тарапынан қалпына келтірілетінін хабарлады. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін пайдалануға берілгеніне бір жыл толмай жатып, Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімдігінің қабырғасы сөгіліп, жарықтар пайда болғанын жаздық.
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026
- Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалінде қонақтарға 1 тонна шұбат ұсынылды 11.07.2026