Түркістанда жантүршігерлік оқиға: 9 айлық сәби ине жұтып қойды
Түркістанда тамағына ине тұрып қалған сәбиге көмек көрсетілді.
Түркістанда өңешіне ине тұрып қалған сәбиге көмек көрсетілді.
Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді.
Белгілі болғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Тез арада аурухана мамандары - хирург Темірбеков Мұхагали және эндоскопист Ырысқұлов Бабыр эндоскопиялық әдісті қолдана отырып, рентгенологиялық тексеру жүргізді. Нәтижесінде бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтап, өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті түрде алып шықты, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Медициналық көмек жедел әрі кәсіби көрсетілуінің нәтижесінде ықтимал асқынулардың алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда дәрігерлер 5 жасар баланың өкпесінен тирдың оғын алып шықты.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қарағанды облысында 3 жасар баланың үстіне ғимараттың кірпіші құлады
Алматыда дәрігерлер қыз баланың асқазанынан үшінші рет шаш түйінін алып тастады
Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды