Түркістанда батарейка жұтып қойған 9 айлық сәбиге ота жасалды
Түркістан облыстық балалар ауруханасында екі батарейка жұтып қойған 9 айлық сәбиге ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дәрігерлер шұғыл ота жасап, бөгде заттың біреуін ота кезінде алған. Ал екінші бөгде зат ішек жолына өтіп кеткен. Сол себепті мамандар сәбидің жағдайын бақылауда ұстап, бірнеше күннен кейін екінші батарейка табиғи жолмен шыққан.
Отадан кейін сәби үш тәулік жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер ата-аналарға ұсақ заттарды, оның ішінде батарейка мен магниттерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажеттігін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 31 магнит жұтып қойған бір жасар балаға шұғыл ота жасалды.
Тағы оқи отырыңыз:
Алматылық әйел көзінің түсін өзгертемін деп жанарынан айырылып қала жаздады
Алматыда 5 жасар баланың жұлынып қалған саусағы қалпына келтірілді
Қазақстандық дәрігерлер Бішкекте әлі дүниеге келмеген екі балаға операция жасады