30 Қыркүйек 2026, 20:56 Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында жол үстінде торт әзірлеген ерлі-зайыпты жауапқа тартылды

Сарыағашта жол үстінде торт әзірлеген әйелдің видеосы полиция назарына ілікті.

Түркістан облысында жол үстінде торт әзірлеп, видео түсірген ерлі-зайыпты жауапқа тартылды.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында қозғалыстағы көліктің люгінен денесін шығарып, жол үстінде торт әзірлеген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қауіпті кадр полиция назарына ілініп, тәртіп сақшылары KIA Ceed автокөлігін және оның жүргізушісін жедел анықтады.

Тексеру барысында көлікті 36 жастағы ер адам – әйелдің жұбайы басқарғаны, ал 35 жастағы әйел люктен шығып, торт әзірлегені белгілі болды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған ерлі-зайыптыға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Полиция әлеуметтік желіге контент түсіру кезінде жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.

Ведомствоның ескертуінше, әсерлі кадр үшін жасалған мұндай қауіпті әрекеттер адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Семейде «өрмекші адам» жауапқа тартылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

TikTok-та «әзілдеген» екі блогер қамауға алынды

«Қаралы күнге» тіл тигізді: Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Мысықты Тик-ток эфирінде қинаған: Қызылордада ер адам жауапқа тартылды