Түркістан облысында кәсіпкерлерді алдаған алаяқ ұсталды

Кәсіпкерлерге грант алып беруге уәде берген түркістандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылдың желтоқсан айында 28 түркістандық кәсіпкерді қайтарымсыз грант алып беремін деп сан соқтырған 1995 жылы туған Д. есімді ер адам ұсталды. Алаяқтың арбауына іліккендердің әрқайсысына 700 мың мен 1,1 млн теңге көлемінде шығын келген. Бөтеннің қаржысын заңсыз, оңай жолмен иемденуді көздеген азамат қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен қолға түсті. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, 1990 жылы туған Д. есімді азаматшаның алаяқтық бойынша ісі сот өндірісіне өткен. Жалпы былтыр қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 250-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 48-і грант алуға жәрдемдесемін деген алаяқтыққа сеніп қалған жәбірленушілерден түскен арыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы