Түркі әлемін нығайту: Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитінен елеулі оқиғалар

2024 жылғы 6 қарашада «Түркі әлемін нығайту: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» ұранымен Бішкекте өткен XI саммитінде түбі бір түркі жұрты бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен өткен алқалы жиынға ТМҰ мемлекет басшылары, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Түркі ынтымақтастық ұйымдарының басшылары ортақ мүддеге сай тамыры бір, тарихы ортақ түркі өңірі үшін жиналды.

Саммит қарсаңындағы дайындықтар

Саммитке дайындық барысында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесі стратегиялық талқылаулар мен шешімдерге негіз болатын маңызды құжаттарды пысықтап, қабылдау үшін бас қосты. Жиында ТМҰ өкілдері күн тәрібіне сәйкес әрбір шешімнің «Нахчыван келісімі», «Түркі әлемінің келешегі-2040» және «2022-2026 жылдарға арналған ТМҰ Стратегиясының» мүдделеріне сай болуын қамтамасыз етті.

Басты шешімдер мен стратегиялық келісімдер

Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мемлекет басшылары экономикалық, экологиялық, цифрлық және қауіпсіздік салаларында ынтымақтастықты нығайтуға міндеттеме ала отырып, мынадай құжаттарға қол қойды:

● «Түркі әлемінің асыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі» туралы шешім.

Қоршаған ортаға жасыл келешекті ынталандыруға бағытталған ортақ мақсаттар мен стратегияларымыздың негізгі бағыттарын айқындайтын және Түркі дүниесінің жасыл күн тәртібін қалыптастыратын стратегиялық негіз.

● Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім.

Бішкек цифрландыру саласында халықаралық кездесулер мен іс-шараларды өткізетін орталық қызметін атқаруымен қатар, Түркі әлемініңэк цифрлық траснформациясын да күшейтуге септігін тигізеді.

● Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім.

Берекелі бірлігіміздің, ортақ күш-жігеріміздің, ырысты ынтымағымыздың одан әрі нығая түсуінде «Ортақ түркі кеңістігі» және басқа да негізгі қағидаттарды қамтитын құжат.

● Түркі мемлекеттері ұйымының туы мен ТМҰ Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже туралы шешім.

ТМҰ туын қабылдау аймақтық ынтымақтастықта жаңа кезеңнің бастамасы болып, Тұрақты өкілдіктердің құрылуы ұйымның көпжақты бастамаларына дипломатиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Саммит аясында Түркі елдерінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды.

Саммитте қол қойылған стратегиялық келісімдер аймақтың экономикалық және технологиялық әлеуетіне оң серпін береді. Ең маңызды шешімдер қатарына цифрлық сауда мен электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған «Цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімі», үйлестірілген төтенше жағдайларға төтеп беруге арналған «Азаматтық қорғау механизмін құру туралы келісім» және ғарыш технологиясы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Ғарыш қызметі саласындағы іс-шаралар туралы келісімі» кіреді.

Бішкек декларациясы

Түркі әлемін экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендеті үшін Орта дәліз және Транскаспий кедендік транзит порталының әлеуетін арттыру үшін тасымалдау жолдарына қатысты бірлескен жобалар жасап, сауда жолдарын жеңілдетіп, өңірлік қатынастарды арттыру мақсатында цифрлық және физикалық байланыстарды нығайту қажет. «Цифрлық Жібек жолы жобасы» экономикалық бәсекеге қабілеттілікті және интеграцияны арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Декларация сондай-ақ мүше мемлекеттер арасында еңбек, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта сияқты салаларда ынтымақтастықты арттырып, инклюзивті жұмыс орнымен қамтуды, цифрлық денсаулық сақтау жүйелерін және су ресурстарын басқару мен жаңартылатын энергия саласындағы тұрақты тәжірибелерді дамытуды көздейді.

Дүниежүзілік мәселелер бойынша ортақ ұстаным

Халықаралық аренада ТМҰ Газа секторы мен Ливанға гуманитарлық көмек көрсету сияқты жаһандық мәселелерде ортақ ұстаным танытып, Палестина мемлекетінің егемендігін қолдайды. Декларация БҰҰ және Еуропалық Одақ сияқты жаһандық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықты арттыруға шақырады. 2025 жылы Мажарстанда ТМҰ-ның бейресми саммитінің ұйымдастырылуы жоспарлануда. Сондай-ақ, Бішкек декларациясы Мажарстанның Түркі мемлекеттері арасындағы қаржы бірлігін одан әрі нығайтатын Түркі инвестициялық қорының мүшесі болып қосылуын құптайды.

Өңірдегі «Қызыл Жарты ай» мен «Қызыл Крест» қоғамдарының ынтымақтастығы негізінде Түркі Қызыл желісінің құрылуы шекарааралық гуманитарлық көмек көрсету іс-шараларында маңызды кезең болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын басқару және жасыл энергияны дамытуға бағытталған бастамалар, сондай-ақ Түркі ауылшаруашылық сақтандыру жүйесінің құрылуы, ынтымақтастыққа негізделген туризм жобалары ұйымның тұрақты өркендеуге деген қадамының айқын көрінісі.

Қазақстанның төрағалығын бағалау және Қырғызстанның басшылығының басталуы

Саммитте Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығы аясында «TURKTIME!» ұраны аясында атқарылған шаралар атап өтілді. Түбі бір түркі жұртын біріктіруге және ТМҰ аясында жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге баса мән берілді. Осы уақыт аралығында нақты жетістіктерге қол жеткізілді. 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылды. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп, байрақты бәсеке Ұлы дала өркениетін жер-жаһанға танытты. Түркі елдері арасындағы әлеуметтік саясат, құқық қорғау, білім беру, технология, инновациялар және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге ықпал етті.

Қырғызстанның төрағалығы «Түркі әлемін нығайту» тақырыбы аясында жаңа көкжиектер ашылып, алға қарай даму үшін мүмкіндіктерге жол ашылады деп сенеміз. Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров экономикалық интеграция, тұрақтылық, цифрлық инновация және қауіпсіздікке басымдық беретін кешенді әлеуетті ұсынды. Бұл стратегиялық негіз біздің ортақ міндеттемемізді қайтадан бекітіп, қуаттайды.

Қырғызстанның төрағалығы 2025 жылы Әзербайжанда өтетін саммитке дейін ТМҰ жұмысына бағыт беріп, сол жылдың соңында Мажарстандағы бейресми саммитіне ұласады.

Саммиттен кейінгі баспасөз маслихатында Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жеенбек Кулыбаевпен бірге Бішкекті цифрлық орталыққа айналдыру, сауда, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Жала-Абадты өңірлік туризм орталығына айналдыру сияқты Қырғыз басшылығының негізгі басымдықтарын талқыладық. Өңірлік және жаһандық оқиғалар бойынша талқылауларға баса назар аударып, Түркі мемлекеттерін жаһандық аренада қуатты күшке айналдыру мақсатындағы Ұйымның міндеті нығайтылды.

Біртұтас және тұрақты Түркі болашағына қадам басу

Алдағы уақытта Қырғызстанның төрағалығы сандық трансформация, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму салаларындағы сәріптестіктерді тереңдетуге бағытталған маңызды қадамы болады. 11-ші саммит Түркі әлемінің ортақ болашағына деген міндеттемесін тағы да растап, мүше мемлекеттердің игілігі үшін жұмыс істеуге ниет білдірді.

Келешекке көз шомғанымда ТМҰ бірге әрекет ете отырып, экономикалық өсу мен тұрақтылықты қамтамасыз ететінін және Түркі әлемін бейбіт, инновациялық және жарқын болашаққа бағыттайтынына сенімдімін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Султан Досалиев, Қырғыз Республикасы Президентінің фотографы
Өзгелердің жаңалығы