Тұрғын үйлерді басқару реформасынан не күтілуде?

Көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету деңгейінің талапқа сай болмауы, жиналған қаржының дұрыс бақыланбауы, тозығы жеткен үйлерге күрделі жөндеудің дұрыс жүргізілмеуі тұрғындардың наразылығын туғызуда.

Саладағы түйткілді мәселелер қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралды, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Көкшетау қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Төлеу Ақтаев мүлік иелері бірлестігінің жұмысы туралы ақпарат берді.

Ол атап өткендей, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес кондоминиум нысанын басқарудың екі нысаны айқындалған – мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестік.

Қала аумағында 630 серіктестік, 137 мүлік иелерінің бірлестігі жұмыс істейді, 246 кондоминиум объектілері – тіркелген.

Маманның пікірінше, МИБ артықшылығы – бірлестік «бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейді, бұл өзінің жеке және жинақ шоттарын ашуды білдіреді.

Қазіргі уақытта ПИК-тің көпшілігі барлық тұрғын үйге бір шот ашады, бұл жиналған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейді. Басқарудың жаңа принципі тұрғындарға қаражаттың түсуін және сол ақшаның мақсатты жұмсалуын бақылау мүмкіндігімен тек өз үйлеріне күрделі жөндеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді, - дейді Төлеу Ақтаев.

Ол проблемалық мәселелерді де алға тартты. ӘҚБтК 505-бабы бойынша қоқыс үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары мен учаскелік инспекторлар арасында өзара іс-қимыл жоқ.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелер 1997-1998 жылдары жер учаскелері мен кондоминиум нысандарын тіркеген көппәтерлі тұрғын үйлер туралы мәлімет бермейді. Дегенмен ПИК, МИБ қолында жергілікті атқарушы органдар төлем жасаған құжаттаманың толық пакеті бар. 2000 жылдары жер учаскелерінсіз кондоминиум нысандарын тіркеу жүргізілді. Бұл үйлер бойынша жер учаскесін кондоминиум нысанына қосу туралы шешім қабылдап, жер учаскелерін ресімдеу қажет, - деп атап өтті бас маман.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта егер жоба бастапқыда көппәтерлі тұрғын үйдің 1-2, жертөле қабаттарында коммерциялық үй-жайлар қарастырылса, ақпараттық жүйе тұрғын үй-жайларсыз кондоминиум нысанының үлесін есептейді.

Мысалы, бір тұрғын үй кешенінің 2-3 үйіне арналған жалпы жерасты паркингінде әр түрлі кадастрлық нөмірлер мен тұрақ орындарының мекен-жайлары болуы мүмкін. Бұл паркингтерді күтіп ұстау бойынша дау-дамайға әкеледі.

КЕАҚ жобалау құжаттамасын бұза отырып, құрылыс аяқталғаннан кейін көппәтерлі тұрғын үйге қатысы жоқ кадастрлық нөмірлермен өрт, лифт, авариялық шығу орындарында қабырғалары, қоймалары мен басқа да шаруашылық құрылыстары бар жалпы үй-жайларды тіркейді. Сол сияқты тұрғын және тұрғын емес үй – жайлардың орналасуындағы, толықтыруларындағы әртүрлі өзгерістерді тіркейді. Бірақ бұл ретте кондоминиум нысандарының үлестерін қайта есептеу жүргізілмейді және оны өзгерту үшін үйге ортақ техникалық паспортты қайта жасау қажет. Ал бұл көп шығынды талап етеді – бір көппәтерлі тұрғын үйге 700-800 мың теңге. Қызмет сапалы, арзан, әрі тиімді болғаны жөн, - деп атап өтті кеңес мүшелері.

1 шілдеге дейін ПИК қызметін аяқтау көзделді және МИБ сияқты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшу күтілді. Алайда, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесте пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне байланысты реформаларды сынға алып, тұрғын үй қорларын басқару жөніндегі функция тиісті дәрежеде орындалмайтынын атап өтті. Осыған байланысты мәжілісте ТКШ саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Онда тұрғын үйлерді басқарудың жекелеген нысандарын жою туралы норма алынып тасталды. Сарапшылардың пікірінше, тек 12%-ы басқарудың жаңа нысандарын құрып, оларға көшті, ал пәтерлердің 90%-ына ПИК қызмет көрсетуді жалғастыруда.

Айта кетейік, қоғамдық кеңес отырысында Көкшетаудағы 2000 көппәтерлі тұрғын үйдің 137-інде ғана МИБ құрылғаны, 39 ПИК жұмыс істейтіні туралы ақпарат айтылды. Олар орта есеппен 60 шақты үйге қызмет көрсетеді.

Қалада иесіз қалған үйлер де бар. Оларда ПИК жоқ және басқарудың жаңа нысандары жасалмаған. Сарапшылардың пікірінше, тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге ПИК-пен жұмыс істеу оңайырақ. Өйткені жүйе қазірдің өзінде жолға қойылған. Ал жай серіктестік үшін белгілі бір қиындықтар туындайды. Қарапайым серіктестіктер әрдайым шот аша алмайды, олармен коммуналдық қызметтер ынтымақтаса алмайды, - деп түсіндірді қоғамдық кеңес төрағасы Серік Кәкенов.

Қала тұрғындары тарапынан «тұрғындар сот арқылы ПИК қызметі туралы толық есептілік пен ашықтықты талап ете ала ма, өйткені бұл ақпарат әрдайым қолжетімді бола бермейді» деген сұрақ қойылды. Сондай-ақ, кездесуде үйлерді сапалы электрмен жабдықтау туралы мәселе көтерілді. Көкшетауда сымдардың тұйықталуы салдарынан өрт шығу оқиғалары жиілеуде. Қоғам белсенділері кадр тапшылығы мәселесін талқылады, мысалы, тұрғын үй инспекциясында тек екі қызметкер жұмыс істейді.

Олар бүкіл қаламен қалай жұмыс істей алады? Бұл салада көп жұмыс талап етіледі. Көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша дерекқорды жаңарту қажет, қаладағы нақты жағдай туралы хабардар болу үшін барлығын цифрландыру және жаңа заманғы талапқа сай қалыпқа келтіру керек, - деп атап өтті қоғамдық кеңес төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы