Түнгі клубта атыс шығарған Астана тұрғыны сотталды
Қару қолданып, бұзақылық жасаған азамат бас бостандығынан айырылды.
Қала тұрғыны түнгі ойын-сауық орнында атыс ұйымдастырғаны үшін сотталды.
Кінәлі тұлға спирттік ішімдікті ішіп және газ толтырылған шарларды тұтынып, түнгі клубқа келушілерге себепсіз тиіскен. Олардың мазасын алған.
Осыған байланысты қонақтардың бірі қылмыскердің өрескел әрекеттеріне ескерту жасап, мұндай мінез-құлқының себебін сұрамақ болған.
Алайда қоғамдық тәртіпті сақтауға ниет білдірмеген бұзақы өзімен бірге болған газды тапаншаны шығарып, жәбірленушінің кеуде тұсына екі рет атқан. Соның салдарынан зардап шеккен адамда дене жарақаттары пайда болған. Бұдан соң қылмыскер оқиға орнынан дереу бой тасалаған. Сотта атыс ұйымдастырушы кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен сотталушы газды қаруды қолдана отырып бұзақылық жасағаны үшін 4 жыл 8 айға сотталған, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Елорда прокуратурасы азматтарды қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтауға шақырып, құқыққа қайшы әрекеттер үшін заңда көзделген жауаптылық туралы ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды.
Ақтаудағы дәмханада атыс: Ер адамның беті жарақаттанды
Балқашта дәмханадағы жанжал атысқа ұласып, даяшы жараланды
Астанадағы тұрғындарды шошытқан «атыс»: Полиция оқиғаға түсініктеме берді