Трамптың ықпалы, Масктың қолдауы: Дженсен Хуанг Nvidia басшылығына қалай оралды?
Ақ үй араласқаннан кейін шешім өзгерді
Associated Press агенттігінің жазуынша, Хуанг некеден тыс қарым-қатынасы туралы ақпарат тарағаннан кейін қызметінен кеткен. Оның байланыста болғаны айтылған адамдардың арасында Қытайдың пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінген кәсіпкер әйел де бар.
23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Хуангтың бас директор қызметіне қайта тағайындалғанын мәлімдеді. Шешім бірден күшіне енді. АҚШ президенті Дональд Трамп Хуангтың жасанды интеллект саласындағы жетекші компанияның басшылығына қайта оралуына өз әкімшілігінің ықпал еткенін жасырмады.
Директорлар кеңесі біз қалаған шешімді қабылдады, – деді Трамп CNBC телеарнасына берген сұхбатында.
Хуанг неге қызметінен кетті?
12 қарашада Nvidia Дженсен Хуангтың отставкаға кеткенін жариялады. Оның орнына компанияның қаржы директоры әрі атқарушы вице-президенті Колетт Кресс уақытша тағайындалды. Сонымен қатар компания тарихында алғаш рет директорлар кеңесінің төрағасы лауазымы енгізіліп, бұл қызметке инвестор әрі кәсіпкер Харви Джонс келді.
Сол аптаның басында Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының (ФБР) тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді. Соған қарамастан АҚШ президенті Хуангтың компания басшысы ретінде атқарған жұмысына жоғары баға берді.
Nvidia директорлар кеңесі де Хуангқа қатысты тараған ақпарат бойынша ішкі тергеу бастағанын хабарлаған. Алайда сол кезде кеңес мүшелері оның басқарушылық қабілетіне сенім білдірген еді. Кейін Хуангтың өзіне тікелей бағынысты компания қызметкерімен де қарым-қатынаста болғаны туралы ақпарат тарады. Осыдан кейін кәсіпкерге қысым күшейе түсті.
Илон Маск Хуангты қолдады
Хуангтың отставкасы жарияланған күннің ертеңінде оны қолдауға бағытталған «Stand with Jensen» («Дженсенді қолдайық») петициясы жарияланды. Бастаманы Nvidia компаниясының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері, инвесторлар мен Кремний алқабының өкілдері қолдады. Петицияға SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск та қол қойды.
Петиция авторлары тәуелсіз тергеу аяқталғанға дейін немесе Хуангтың қызметтен кетуі компания мүддесіне сай екенін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылғанға дейін оны басшылық қызметке қайтаруға шақырды.
16 қарашада Дональд Трамп Хуангтың болған оқиғадан үлкен сабақ алғанын айтып, оның қызметіне қайта оралуына қарсы болмайтынын жеткізді. Ал 17 қарашада Хуанг отставкадан кейін алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеме жасады. Ол жеке өмірінде елеулі қателіктер жібергенін мойындап, директорлар кеңесі мұндай шешімді компания мүддесіне сай деп тапса, бас директор қызметіне қайта оралуды өзі үшін мәртебе санайтынын айтты.
Директорлар кеңесі неге Хуангтың ұсынысын қабылдамады?
17 қарашада компанияның тоқсандық қаржылық нәтижелеріне арналған конференцияда Nvidia директорлар кеңесі Хуангтың бас директор қызметіне қайта оралу туралы ұсынысын қабылдамады. Кеңес төрағасы Харви Джонс Хуангтың отставкасы туралы шешім бірауыздан қабылданғанын және оны бұрынғы қызметіне қайтару жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.
Сол күні АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының бірқатар мүшесі Хуангтың ресми сұхбат беруге өз еркімен келіскенін хабарлады. Бұл кезеңде Nvidia компаниясының озық технологиялық чиптерді сатуына және олардың АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне ықпалына қатысты бақылау күшейген еді.
Ақ үйдің араласуы жағдайды өзгертті
Демалыс күндері Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Nvidia директорлар кеңесі Хуангты қызметіне қайта тағайындайды деп үміттенетінін жазды.
Бұл компания үшін де, АҚШ үшін де ең дұрыс шешім болар еді, – деді АҚШ президенті.
Хуанг қызметіне қайта тағайындалғаннан кейін Трамп оның компания басшылығына оралуы үшін жабық келіссөздер де жүргізгенін мәлімдеді. АҚШ президентінің айтуынша, жексенбі күні ол Хуангпен телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында кәсіпкер бұрынғыдан да қажырлы еңбек етуге уәде берген.
Сондай-ақ Трамп өз әкімшілігінің Nvidia директорлар кеңесіне Хуангтың қызметіне қайта оралуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейтінін жеткізгенін айтты. Nvidia компаниясы да ресми мәлімдемесінде шешім қабылдау барысында АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерінің пікірі ескерілгенін растады. Компания директорлар кеңесі Хуангтың басшылық қызметке қайта оралуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейді деген қорытындыға келгенін мәлімдеді.
Осылайша, 23 қарашада Nvidia Дженсен Хуангтың компания президенті, бас директоры және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтеріне қайта тағайындалғанын ресми түрде жариялады.
Еске салайық, бұған дейін BAQ.KZ тілшісі Дженсен Хуангтың отставкаға кетуіне себеп болған жағдайларды, оның жеке өміріне қатысты жанжал мен Қытай барлау қызметіне байланысты күдіктерді саралаған еді. Сондай-ақ Nvidia төңірегіндегі даудың әлемдік технология нарығына ықпалы мен компаниямен миллиардтаған долларлық жобаларды жүзеге асырып жатқан Қазақстан үшін ықтимал тәуекелдер туралы жазған едік.