Трамп Вашингтондағы кісі өлтірушілерге өлім жазасын тағайындауды ұсынды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтондағы кісі өлтірушілерге өлім жазасын тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Трамптың айтуынша, ең қатал жаза "қылмыстың алдын алудың маңызды тетігі" болуға тиіс.
Егер кімде-кім астанада адам өлтірсе, біз өлім жазасына кесуді талап ететін боламыз, — деді ол министрлер кабинеті отырысында.
Алайда, іс жүзінде бұл бастаманы жүзеге асыру қиындықтар туғызуы мүмкін.
Колумбия округіндегі кісі өлтіру істерінің көбісі жергілікті заңнама бойынша қаралады. Онда өлім жазасы қарастырылмаған. Тіпті федералдық істерде де ең қатал жаза тек жюридің келісімімен ғана іске асуы мүмкін. Ал Вашингтон тұрғындары үнемі өлім жазасына қарсы болып келеді.
Еске салайық, жаңа мерзімнің бірінші күнінде Трамп Джо Байден кезінде жойылған федералдық өлім жазасын қайта енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Өзінің бұрынғы президенттігі кезінде, 2020–2021 жылдары АҚШ-та 13 өлім жазасы орындалған. Бұл - соңғы жүз жылдағы рекорд.
Еске салайық, бұған дейін 25 ел АҚШ-қа сәлемдеме жіберуді тоқтатқаны хабарланды.