Трамп пен Зеленскийдің кездесуі жабық есік жағдайында жалғасуда
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский Ақ үйде кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трамп "Украина президентін өз арамыздан көру – үлкен мәртебе" деп мәлімдеді.
Біздің арамызда көптеген жақсы пікірталастар мен әңгімелер болды. Менің ойымша, көптеген жағдайларда өте маңызды прогреске қол жеткізілді. Өздеріңіз білетіндей, жақында Ресей президентімен жақсы кездесу өткіздік. Менің ойымша, бұдан бірнәрсе шығуы мүмкін. Бүгінгі кездесу де өте маңызды. Бізде Еуропаның өте ықпалды жеті көшбасшысы бар, біз осы кездесуден кейін олармен бірден жүздесеміз деп ойлаймын. Осында келгеніңіз үшін көп рахмет, - деді америкалық саясаткер.
Дәл қазір аталған кездесуге қатысты нендей жайттар белгілі:
- АҚШ президенті Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен кездесу соңғысы емес екенін, бірақ оның "жақсы өтіп жатқанын" жеткізді.
- Ол Ресейдің Украинадағы қақтығысты шешуге деген ұмтылысы барына сенімді.
- Зеленский "территориялық дау бойынша жеңілдіктер жасауға дайынсыз ба" деген сұрақты жауапсыз қалдырды.
- Дегенмен ол үшжақты диалог форматындағы келіссөздерге қатысуға дайын екендігін айтты.
- Трамп Украинадағы жағдайды реттеу тұрақты болуы керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл күні мәмілеге қол жеткізіледі немесе Украинаны қолдау тоқтатылады.
- Зеленский "Украинада сайлау өткізуге дайынсыз ба" деген сұраққа "ол қауіпсіздік жағдайын қажет етеді" деп мәлімдеді.
- Трамп үш жылдан кейін Зеленский сияқты сайлау өткізуден бас тартып көремін деп әзілдеді.
- Сонымен қатар, америкалық саясаткер Украинада атысты доғару енді талап етілмейтінін және ұрыс қимылдары кезінде де бейбіт келісімге отыруға болатынын айтты.
- Күннің соңына қарай АҚШ әскерлерін Украинада орналастыру мүмкіндігі белгілі болады. Америка Құрама Штаттары бейбіт келісім шеңберінде "қауіпсіздік мәселелерінде үлкен көмек" көрсетіп, "өте жақсы қорғанысты" қамтамасыз етуге уәде берді.
- Украина басшысы Киевтің америкалық қаруды сатып алуда қиындықтар бар екенін айтты және АҚШ-тан қару сатып алып беріп отырған Еуропаға алғыс білдірді. Украинадағы америкалық қару-жарақ үшін НАТО-Трамптар ақша шығарады.
Журналистермен болған кездесу 25 минутқа созылды. Одан кейін БАҚ өкілдерін келіссөз кабинетінен шығу сұралды. Жабық есік жағдайындағы кездесу қашанға дейін созылатыны, әзірге белгісіз.
Бұған дейін Владимир Зеленский Х әлеуметтік желісінде жазба жариялаған болатын.