Трамп Айды АҚШ-тың меншігі деп атады
Сондай-ақ ол Нью-Мексико штатын «Нью-Америка» деп атау туралы ұсынысқа пікір білдірді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Айды Америка Құрама Штаттарына тиесілі деп мәлімдеді.
Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Айдың суретін жариялап, оған «Ай – біздікі» деген жазба мен АҚШ туын орналастырған. Президент бұл жарияланымына қатысты қосымша түсініктеме бермеді.
Сондай-ақ ол Нью-Мексико штатын «Нью-Америка» деп атау туралы ұсынысқа пікір білдірді.
«Бұл штат тұрғындары үшін әлдеқайда беделді әрі әдемі естіледі. Уау, маған ұнайды!» – деп жазды Трамп.
Жарияланымға жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейне де тіркелген. Онда Трамп Нью-Мексико атауы жазылған жол белгісін «Нью-Америка» деп өзгертіп жатқандай көрсетілген.
Трамп бұған дейін де бірқатар географиялық нысандардың атауын өзгерту туралы бастамалар көтерген.
Мәселен, 27 тамызда Трамп Онтарио көлін АҚШ-та «Америка көлі» деп атау туралы жарлыққа қол қойды. Кейін ол әлеуметтік желіде жаңа атау көрсетілген картаны жариялап, аудиторияны оған үйренуге шақырды.
Бұған дейін, 2025 жылдың қаңтарында, Трамп АҚШ-тың федералдық қолданысында Мексика шығанағын «Америка шығанағы» деп атау туралы жарлық шығарған еді.
Сонымен қатар қыркүйектің басында Трамп стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атау идеясын ұсынды.