Бүгiн 2026, 13:45 Фото: Report

Трамп: АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастады

Израиль соққылары Иранның бірнеше қаласын қамтыды.

Израильдің Иранға жасаған соққылары кезінде жарылыстар тек Тегеранда ғана емес, елдің басқа қалаларында да естілген, деп хабарлайды BAQ.KZ ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жарылыстар Исфахан, Кум, Кередж, Керманшах, Тебриз қалаларында және Лорестан провинциясында да тіркелді.

Израиль мен АҚШ жасаған шабуылдар салдарынан Иран президенті Масуд Пезешкиан зардап шеккен жоқ.

Біздің мақсат – ирандық режим тарапынан төнген тікелей қауіптерді жою арқылы америкалық халықты қорғау, - деді АҚШ президенті.

Еске салайық, бұған дейін  Тегеранда жарылыстар болғаны туралы жаздық.