20 Қараша 2026, 15:35 Фото: Ақорда

Тоқаев: Жоғары лауазым – ең алдымен, жоғары жауапкершілік деген сөз

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек екенін айтты. 

«Қайталап айтамын: ешкім де заңнан биік емес. Бұл талап, әсіресе, «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қатаң сақталуы қажет. Осы мәселемен айналысатын арнайы комиссия өз жұмысын бастайды. Мына нәрсені әрдайым қаперде ұстаған жөн. Кім қылмыс жасайды, сол міндетті түрде жазасын алады. Кім өз жұмысына салғырт қарайды, сол орнынан босатылады. Жоғары лауазым – ең алдымен, жоғары жауапкершілік деген сөз. Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек. Әрине, біз азаматтардың елге сіңірген еңбегін жоққа шығармаймыз. Бірақ кешегі жетістігін бұлдап, арқаны кеңге салып жүруге кімнің болса да, хақы жоқ. Мен үшін адамның шыққан тегі, лауазымы емес, нағыз іскер болғаны маңызды. Жалпы, іскерлік – мемлекеттік билік жүйесіне ғана емес, барлық салаға қажет дағды», - деді Президент. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, Президент табыс пен игілікке жеке адамдар емес, институттар кепілдік беретін мемлекет құрып жатырқанына тоқталды. 

Тағы оқи отырыңыз:

Біз қоғамдық дерттің бәріне, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргіземіз – Тоқаев

Президент: Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді