3 Маусым 2023 2023, 17:39 Фото: Ақорда

Тоқаев Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен келді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне қатысады, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Түркиядағы Президент сайлауында Ердоған жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 52,16 пайыз дауысын жинап жеңімпаз атанды. Енді ол Түркияны 2028 жылға дейін басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтап, елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіретінін айтқан еді.