Тоқаев: Толығымен қалыпты өмірге ораламыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының айтуынша, бейбіт халыққа қарсы қылмыс жүргізген әскери қызметкерлер мен олардың жақтастарын ұстау керек. 

Лаңкестікті ұйымдастырғандардың артында кім тұрғанын анықтау керек. Тағы бір маңызды мәселе, мемлекет лаңкестердің командалық пунктін неге жіберіп алды? Біздің мемлекеттің шекарасында заңсыз қару-жарақ неге көп болды? Арнайы жедел-тергеу тобы өзінің қызметін сапалы әрі нақты жүргізіп, қайғылы оқиғаның себебін анықтауы керек – деді Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев қысқа мерзімде қираған дүние-мүлікті қалпына келтіру қажеттігін атап өтті. 

Толығымен қалыпты өмірге ораламыз. Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау үшін Үкімет комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Ол азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетеді. Мемлекет қаржылай көмекпен қатар, кәсіпкерлерге басқа да қолдау түрлерін ұсынады. Атап айтқанда, несилер бойынша пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл тоқтатыла тұрады, - деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы