28 Шілде 2026, 12:03
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Таиланд Короліне жеделхат жолдады
Президент құттықтауында Таиланд халқы үшін маңызды мерекенің мәніне тоқталып, екіжақты қарым-қатынасқа қатысты ұстанымын білдірді.
Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның жаңа Премьер-министріне құттықтау жолдаған еді.