Тоқаев Семей орманындағы өртті сөндіруге ТЖ министрін жіберді
Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.
ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының 3 қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.
Бұған дейін орман өртіне байланысты Семейде ТЖ режимі енгізілген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы